Русский Сайттың толық нұсқасы

Кедендік баж салықтары бойынша төлемдерді кейінге қалдыруға болады

  • AstanaTV
  • 14 қыркүйек 2017
  • 2920

Кедендік баж салығы бойынша төлемдерді кейінге қалдыруға болады. Жаңа Кеден кодексі жобасы осындай жеңілдіктерді қарастырады. Құжат бүгін Мәжілісте таныстырылды. Соңғы үш жыл бойы Еуразиялық экономикалық комиссия одақтың жаңа Кеден кодексі жобасын әзірлеген. Қазақстан бұл құжатқа 552 түзету жолдады. Бұл барлық түзетулердің 38%. Олардың  65% қабылданды. Одақтың жаңа Кеден кодексі 2018 жылғы 1-қаңтардан бастап күшіне енуі тиіс.

Айбатыр Жұмағұлов, ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары:

Мемлекет декларантқа пайыз төлеу арқылы бір айға кейінге қалдыру құқығын береді. Кейбір жағдайларда пайызды төлемей-ақ алты айға дейін бөліп төлеу ұсынылады. Ол: халықаралық шарттар шеңберінде жүкті жеткізу кезінде; ауыл шаруашылығы техникасын, егін жұмысының материалдарын, асыл тұқымды жануарларды әкелу кезінде; табиғи зілзала, технологиялық апат немесе төтенше жағдайда тасымалдаушыға залал келтірілген кезде ұсынылады.

Құжатты құрастырушы - Ұлттық экономика министрлігі. Орындаушы - Мемлекеттік кіріс комитеті. Сондықтан сұрақтар көбіне бас кеденші Ғұсман Амринге бағытталды. Ол кодекстен тыс сауалдарға да жауап беруге мәжбүр болды. Бірақ, депутат Ержан Құдайбергеннің Қытайға заңсыз сатылатын ақбөкен мүйіздері туралы сұрағы Амриннің ашуын келтірді.

Ғұсман Амрин, ҚР Қаржы министрлігі, мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы:

Ақбөкенге қандай қатысымыз бар. Оған енді шекарадан біз ұстаумыз керек пе? Ол бекеттен өтпейді ғой. Мен жоқпын ғой ол жерде. Қалай сондай сұрақ қоясыз? Кешіріңіз. Шекарада бектілген көлік өтетін орын. Құстар, аңдар ұшып жүреді.  Мен не айтамын?