Аймақтарда да сайлау учаскелері жабылды. Дегенмен өңір тұрғындарының белсенділігі өте жоғары болды. Жер-жердегі тілшілеріміз бұған куә болып ақпаратты жарыса таратты. Көпбалалы аналар да саяси науқаннан тыс қалмады. Танымал ел ағалары да бір кісідей дауыс берді. Өңірлердегі сайлау барысы жайлы келесі топтамадан толығырақ таныса аласыз.
Берік ЖҰМАБАЙҰЛЫ, ТІЛШІ:
Бүгін Тараз қаласындағы 491-шы сайлау учаскесіне келушілердің қарасы қалың болды. Карантин талаптарын сақтау, қатаң бықаланды. Жамбыл облысындағы сайлауға бақылау жасау үшін, бейпартиялық ұйымдардан 454 өкіл келген. Олардан бөлек мобильдік бақылаушылар да жүрді.
Қасым МҰСТАФА, ТӘУЕЛСІЗ БАҚЫЛАУШЫ:
Мен 491-дің бақылаушысы болып отырмын. Кейбір адамдар, бір адам келіп екі-үш адамның орнына беріп кетуі де мүмкін. Солардың барлығын бақылып, қарап отырамыз. Ондай оқиғалар болған жоқ әзірге.
Бұл сайлауда көп балалы аналар да белсенді. Мәселен, 7 баланың анасы «Алтын алқа» иегері Ардақ Мықтыбекқызы бес партияның да сайлауалды бағдарламаларымен танысып шыққанын айтады.
Ардақ ЖАНТАЕВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:
Осы сайлауда партия ішілік сайлауда бүкіл партиялар өз бағдарламаларымен таныстырды. Біз сол партиялардың ішінен өзіміз таңдау жасап отырмыз. Яғни біз келешекте осы еліміздің өркендеуіне үлкен үмітпен, сеніммен қараймыз.
Сайлауға қатысуға барлық жағдай жасалған. Сайлау учаскелеріне баруға мүмкіндігі жоқ азаматтардың үйіне, жылжымалы дауыс беру жәшіктері жеткізілді. Мұндай жәшікті Ұлы Отан соғысы ардагері 101 жасқа келген қария Әшірбек Сәрсенбиевте пайдаланды.
Теріскейліктер де бүгінгі сайлауда өте белсенді болды. Мұны менің сол өңірдегі әріптесім растайды. Абзал, Солтүстік Қазақстан облысыныда сайлау қалай өтті?
Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ:
Рахмет Берік. Иә өзің айтқандай Қызылжарлықтар да таңмен таласа белсенділік танытты. Еңкейген қариядан бастап жастар да өз таңдауын жасады. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жангелді Тәжин билікке өткен партиялардан зор үміт күтетінін айтады.
Жангелді ТӘЖИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Елімізде жаңа жақсы заңдар болып, еліміздің барлық халқының жақсылығына, ертеңгі күнге деген осындай үмітпен қараймыз.
Ауылды жерде де сайлаушылардың белсенділігі жоғары болды. Ауылдағы ағайын, өз азаматтық позициясын аязға қарамастан білдірді.
Жарасбай СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:
Жалпы біздің елімізге бір-біріне иық тірестіретін, бәсекелес болатын 2-3 партия болса жетіп жатыр. Біз өркениет жолын, демократиялық даму жолын таңдағаннан кейін олардың қалыптасуына, өсіп-өркендеуіне, нығаюына мүмкіндік жасауымыз керек.
Солтүстік Қазақстан облысында 400 мыңға жуық азамат дауыс берді. Оларды тас түйін дайындалған 650 участок таң сәріден қабылдап жатыр. Аймақтағы орталық сайлау комиссиясының айтуынша, сайлау орындарында барлық санитарлық талаптар сақталған.
Ерболат БЕКШЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Әрбір сайлау комиссияларына қаражат бөлінді. Маскалар, халаттар, ансептиктар сатып алынды.
Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ:
Ал, Алматыда өнер майталмандары дауыс беріп, азаматтық міндетін орындады. Әріптесім Аршын Кемелжан ол туралы айтуға дайын, Аршын, сөз өзіңде.
Аршын КЕМЕЛЖАН, ТІЛШІ:
Рахмет Абзал. Халық әртісі Бибігүл Төлегенова биыл сайлау учаскесіне бара алмады. Дегенмен ол саяси науқаннан қалыс қала алмады. Жез таңдай әнші үйден дауыс беріп, өз таңдауын жасады.
Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА, ХАЛЫҚ ӘРТІСІ:
Мен сайлауға өте үлкен жауапкершілікпен қараймын. +Өйткені, өзіміздің болашағымызды өзіміз ойламасақ оны ешкім бізге жасай алмайды.
Ал, жазушы, драматург Сәбит Досанов Медеу ауданындағы 263- сайлау учаскесіне барып, таңдауын жасады.
Сәбит ДОСАНОВ, ЖАЗУШЫ:
Сайлауға 5 партия қатысып отыр. Мұның өзі бізде әр алуан пікір, демократия бар деген сөз. Халыққа таңдау жасауға болады, деген сөз.
Ал белгілі ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин Бостандық ауданында дауыс берді. Саяси науқанға араласып, өз таңдайын жасау әрі азаматтың парызы, дейді ол.
Аршын КЕМЕЛЖАН, ТІЛШІ:
Қазақ зиялылары, сайлауға жауапкершілікпен қарауға шақырып отыр. Бұл елдің болашағын айқындайтын және халық бірлігін шыңдайтын сәт, дейді ел ағалары.
А. Кемелжан, Б. Жұмабайұлы, А. Құрманкин