Нұр-сұлтан қаласындағы Ұлттық кітапханада орналасқан сайлау учаскесіне елге белгілі тұлғалар келіп дауыс берді. Нөмірі 111 сайлау учаскісінде болған әріптесім Асылбек Данияр науқан барысын күні бойына бақылады. тілшіміз соңғы ақпараттарымен бөлісуге дайын екен. Асылбек?
Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:
Рақмет, Әмина! Кеш жарық! Мен бүгін Ұлттық кітапханадағы №111 сайлау учаскесінен тікелей қосылып хабар тараттым. Қазір учаскелер жабылды. Мұнда дауыс беру қарқыны қалыпты жағдайда өтті, заңсыздықтар болған жоқ.
Осы уақыт дейін таңдау жасағандардың арасында жастардың белсенділігі жоғары болды. Сонымен бірге, сайлаудың әділ әрі заңды өтуін шетелдік бақылаушылар қадағалады. Олар сайлау комиссиясының жұмысын жоғары бағалады. Айтуларынша, тәуелсіз байқаушылардың есебі ертең кешке дайын болады.
Алексей МАЙОРОВ, ТМД ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ АССАМБЛЕЯСЫ БАЙҚАУШЫЛАР МИССИЯСЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:
Бұл біз ат басын бұрған үшінші учаске, біз таңертеңгі 7: 00-де жұмысымызға кірістік. Учаскілердің қалай ашылғанына куә болдық. Дауыс беру орнындағы әрбір байқаушы жұмысын байыпты жүргізуде. Атап өтерлік жағдай, барлық жерде пандемияға байланысты ПТР сынамасы талап етіледі. Бұл Қазақстан билігінің қабылдаған өте маңызды шешімі дер едім. Өйткені әрбір азаматтың денсаулығы бірінші кезекке қойылғанын көрсетеді. Біз осы кітапхана ғимаратында дауыс беруге ниет білдірушілердің көптігін көредік.
Бұл сайлау учаскесіне келген дауыс берушілердің арасында әнші Мәдина Сәдуақасованыда кездестірдік. Ол Алматы қаласындағы есептен шығып, таңдауын Астанада жасады. Бұған түсірілім жұмыстары себеп болғанын айтып отыр. Оның саяси науқаннан күтер үміті зор.
Мәдина СӘДУАҚАСОВА, ӘНШІ:
Әрине, жақсы жаққа өзгерістер міндетті түрде. Көптеген бағдарламаларды тыңдап жатырмыз. Соның бәрі іске асады деген сенімдеміз.
Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:
Нұр-Сұлтан қаласы COVID-19-дың таралуы бойынша "сары аймақта" екенін еске сала кеткен жөн. Барлық сайлау учаскісі санитарлық талаптарды қатаң сақтауға күш салды. Біз хабар таратқан сайлау учаскесінде тәртіпсіздік, заңға қайшы өзге де жағдайлар тіркелген жоқ. Әзірге қолда бар ақпаратым - осы. Әмина!
А. Данияр