Русский Сайттың толық нұсқасы

"Nur Otan" партиясының жеңісі - халықтың біртұтастығының кепілі - Саясаттанушы

  • AstanaTV
  • 11 қаңтар 2021
  • 2423

"Nur Otan" партиясының сайлаудағы жеңісі - халықтың бүртұтастығын көрсетті. Мұндай пікірді бүгін саясаттанушы Ерлан Сайыров айтты. Оның пайымынша еліміздің азаматтары үшін басты құндылық мемлекеттілік, тәуелсіздік және эволюциялық даму болып саналады. Бұл жолда билеуші партияның үлесі басым деп отыр.

Ерлан САЙЫРОВ, САЯСАТТАНУШЫ:


Қазір бүкіл әлемде мемлекеттілікті трансформациялаудың өте күрделі процесі жүріп жатыр. Сондықтан біз Қазақстанды - тұрақсыз әлемдегі тұрақты ел деп айта аламыз. Сол себепті мен бүгінгі таңда партияның әлеуметтік және саяси базасы тұрақты деп айта аламын. Халық көтерілісті қаламайды. Тек эволюциялық дамуды көздейді.

Сарапшылар соңғы уақытта жетекші партияның үлкен жұмыс атқарғанын атап өтті. Олар пандемия кезінде халықты барлық жағынан қолдады, -деді. Бұл да парламенттік сайлауда жеңіске жету себептерінің бірі болғанына сенімді. Елбасының сайлауға жаңартылған форматта келген партияны қайта жүктеу жөніндегі бастамасы маңызды рөл атқарды. 6 мың 500-ге жуық партия мүшелері - мәслихаттар мен Мәжіліске ұсынылды. Саясаттанушылар елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалы жақсара түсетініне сенімді.

Айдос САРЫМ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:


Жыл басынан бері партия едәуір өзгеріске ұшырады. Сайлаушылар мен партия мүшелерін оятқан праймериз өткізілді. Меніңше халықты партиялық іс-шараларға қатысуға, жаңа кандидаттар және жаңа бағдарламалармен танысуға жақсы мүмкіндік жасалды. Мұның бәрі, әрине, өз нәтижесін берді.

Юлия КУЧИНСКАЯ, "NUR OTAN" ҚОҒАМДЫҚ САЯСИ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Партия сайлауға әр аудан мен қала үшін жеке бағдарламамен барды. Бұл - партия тарихында алғаш рет орын алып отыр. Барлығы ашық өтті, әрі ең лайықты кандидаттарды партия мүшелері ішкі партиялық іріктеу арқылы таңдады. Бұл партияны айтарлықтай жаңартуға мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда жалпы партиялық тізімдер айтарлықтай жаңартылды. Әсіресе жастар мен әйелдерге лайықты орын берілгенін атап өткім келеді.

Ғ.Өтемісов