Русский Сайттың толық нұсқасы

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары сайлауының қорытындысы жарияланды

  • AstanaTV
  • 12 қаңтар 2021
  • 3307

«Nur Otan» партиясына 5 миллионнан астам халық дауыс берген. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясындағы жиында белгілі болды. 10 қаңтарда өткен саяси науқанға 12 миллионға жуық сайлаушының тізімі жасалған. Оның тек 63,3 пайызы ғана дауыс беруге қатысқан. Яғни бұл 7 миллион адам. Сонымен орталықтың қорытындысы мынадай: «Nur Otan» партиясы – 5 миллион 148 074 дауыс жинапты. Қазақстан Халық партиясы 659 019, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 383 023, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 792 828, ал «ADAL» партиясы 258 618 дауысқа ие. Демек, 7 пайыздық межені еңсерген үш партия депуттары Мәжілістен орын алады. Бүгін олардың депутаттық мандат саны да жария болды.

Константин ПЕТРОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Депутаттық мандаттарды бөлу Қазақстан Республикасының Сайлау туралы Конституциялық заңының 97-бабы 1-ші тармағына сай жүзеге асырылады. Мәжілістегі депутаттық манданттар былай бөлінді: «Nur Otan» партиясы – 76 мандат, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы –12 мандат, Қазақстан Халық партиясына - 10 мандат. Депутаттық мамандаттарды бөлу кезектілігін саяси партияның басшылығы -  осы Конституциялық заңның 89-бабы 4-тармағына сәйкес - партиялық тізімге енгізілген кандидаттар арасынан, сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап он күннен кешіктірмей айқындауы тиіс.


Сондай-ақ бүгін «Nur Otan» партиясы - Парламент Мәжілісі депутаттарының жаңа тізімін жариялады.  Толық ақпаратты партияның ресми сайтынан көруге болады.

А. Данияр