Русский Сайттың толық нұсқасы

«Nur Otan» партиясына дауыс беру арқылы, өркендеу жолын таңдағандарға алғыс айтамын, - Б.Байбек

  • AstanaTV
  • 12 қаңтар 2021
  • 1584

«Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасының толықтай жүзеге асырылуын қадағалайды. Бауыржан Байбек өзінің «Фейсбуктегі» парақшасында, партияны қолдағандарға алғысын білдірді. Сонымен қатар «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарлама – ел дамуының алдағы 5 жылға арналған дайын жоспары екенін атап өтті. Сондай-ақ, Елбасының 5 институционалдық реформасы бағдарын жалғастырады және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдаудағы міндеттерін қамтиды деді. «Nur Otan»-ның бағдарламасы – егжей-тегжейлі есептелген, қаржылық және нақты ресурстармен қамтылған шаралар.

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Орталық сайлау комиссиясы Парламенттік сайлаудың қорытынды нәтижесін жариялады. «Nur Otan» партиясы 71,09% дауыс жинады. Барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауында да біз айқын жеңіске жеттік.  Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, «Nur Otan» партиясының басты мақсаты – халықтың тұрмысын жақсарту және елдігімізді нығайта беру. Ел болып біріге білсек, алынбайтын асу жоқ. Басымызға түскен қиындықтарды біз әрдайым бірге еңсеріп, жетістіктерге бірлесе жетеміз».


Ғ. Өтемісов