Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбедегі зауытта болған қайғылы жағдайға қатысты сот отырысы аяқталуға жақын

  • AstanaTV
  • 12 қаңтар 2021
  • 1210

«Ақтөбе хром қосындылары» зауытындағы қайғылы жағдайға байланысты қозғалған іске, сот ертең үкім шығармақ. Бүгін айыпталушыларға соңғы сөз берілді. Зауыттың бөлім, цех бастықтары мен ауысым бригадирі тағылған айыптармен келіспейтіндерін айтты. Олар соттан өздерін ақтауды сұрайды. Бұл келенсіздік былтыр мамыр айында болған еді. Төртінші цехтағы 50 текше метрлік бөшкені тазалау кезінде, 5 адам қаза тапты. Күйіп қалған жұмысшы Мұхтар Таухабаев, бүгін сотқа онлайн байланыс арқылы қосылып, ешкімге кінә артпайтынын айтты.

Мұхтар ТАУХАБАЕВ, ЖӘБІРЛЕНУШІ:

Мен оларды құрметтеймін. Оларды кінәлі деп санамаймын. Ешкімге кінә арта алмаймын.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы үш күдіктіні де үш жылдан бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Ал, зауыт басшылығы зардап шеккендердің отбасына 62 миллион теңге көлемінде моральдық, материалдық өтемақы төлеген.

Б. Рақметова