Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбедегі Шалқар ауданы теміржолшылары жұмыстан қысқартылмайды - ҚТЖ

  • AstanaTV
  • 13 қаңтар 2021
  • 3895

Ақтөбенің Шалқар ауданы теміржолшылары жұмыстан қысқартылмайды. Қазақстан Темір жолы акционерлік қоғамы директорының орынбасары Қанат Көбесов бүгін ресми мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, мұндай жоспарда да жоқ. Ал жұмысшылардың жалған ақпаратты қайдан алғанын білмейміз,-дейді. Сондай-ақ ол темір жол қатынасын жаңарту жайлы шешім қабылданғанын жеткізді. Мұның жұмысшыларға пайдасы тимесе, зияны жоқ деп отыр.

Қанат КӨБЕСОВ, «ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біз жүк тасымалы мен жеткізу технологиясын жандандыру жайлы бірқатар шешім қабылдадық. Бірақ мұның, жұмысшыларға еш қатысы жоқ. Ал шу шығарған машинистерге келсек, олар жұмыстан қысқартылмайды. Қызметкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қауесеттің қайдан шыққаны әзірге беймәлім.

Ғ. Өтемісов