Русский Сайттың толық нұсқасы

Жемқорлық жайлаған сала мен өңірлер белгілі болды

  • AstanaTV
  • 13 қаңтар 2021
  • 2286

"Парасыз ешнәрсе шешілмейді". Қазақстандықтардың дені осындай пікірде. Қоғамдық қоры жүргізген зерттеу нәтижесі осыны көрсетіпті. Зерттеу жұмысына 200-ге тарта сарапшы тартылған. Олар 9 мыңнан астам адамнан сауалнама алып, мың жарымға жуық адамның арыз-шағымын қараған. Нәтижесінде жемқорлық қаупі жоғары мекемелер анықталды. Бұл тізімді емдеу мекемелері бастап тұр. Одан кейін жұмысқа тұру мен баланы балабақшаға орналастыру кезінде де "бармақ басты, көз қысты" әрекеттер көптеп кездесетіні белгілі болған. Полиция, жер қатынастары басқармасы мен халыққа қызмет көрсету орталықтары да осы қатарды толықтырып тұр.  

Ольга ШИЯН, «TRANSPARENCY KAZAKHSTAN" ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

 
Бұдан бөлек, жер мәселесі және сан алуан анықтама алуда да жемқорлыққа жол беріледі екен.  Параның көлемі де әртүрлі, жоқ дегенде мың теңге. Ал ең жоғары параның көлемі 300 мың теңге екен. Десе де, пара көлемінің төмендегені байқалады.


Қор жемқорлық жайлаған өңірлерді де атады. Тізімге Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Атырау мен Қызылорда облыстары кірген.  Мұндағы тұрғындардың көбі парақорлық жағдайларымен жиі кездесетіндерін айтқан.  

А. Мүтәлі