Русский Сайттың толық нұсқасы

АШМ: Электронды қолхат 1,5 миллион тоннадан аса жаңа астық алды

  • AstanaTV
  • 14 қыркүйек 2017
  • 2792

Биылғы жылы жиналған жаңа астықтың 1,5 млн тоннадан астамы электронды қолхат жүйесіне тіркелді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі өткізген брифингте мәлім болды. Қаржы министрлігіне қарасты ақпараттық есептік орталығының ақпарынша, электронды форматта өткен жылы орылған 10 миллион тоннадай астық тіркелген.

Айта кетсек, электронды қолхат жүйесі былтыр енгізілген болатын. www.minagro.kz электронды жүйесінде 4,5 мың қатысушы мен 196 элеватор тіркелген. Министрліктің айтуынша, бұл  жүйенің электронды түрге ауысуы сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл болады. Шаруалардың уақытын үнемдеу жағынан да барынша маңызды болғалы отыр.