Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкенттегі Қонаев даңғылындағы жолайрық қарашада аяқталады

  • AstanaTV
  • 13 қаңтар 2021
  • 2191

Шымкенттің күре тамыры саналатын Қонаев пен Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы жолайрық қараша айында іске қосылады. Қазір осы бағыттағы жұмыстар қызу қолға алынған. Қала әкімінің салаға жауапты орынбасары Мақсұт Исахов, БАҚ өкілдеріне осыны айтты. Шенеунік бір бағыты ғана ашық жол, 20-қаңтардан бастап толықтай жабылады деді. Айта кетейін, ауқымды құрылыс әу-баста үш жылға жоспарланған. Алайда жолайрықты бір жыл көлемінде бітіруді көздеп отыр. Шенділер үлкен құрылысты қысқа мерзімде аяқтау оның сапасына әсер етпейтініне сенімді. Жоба құны 7 млрд теңге. Соның 500 млн теңгесі былтыр игерілген.

Мақсұт ИСАХОВ, ШЫМКЕНТ қ. ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Биылғы жылға республикалық бюджеттен 1,5 млрд теңге ақшасы бар, қаралған. Тағы да осы республикалық бюджетті нақтылауына 3 млрд. теңгеге қосымша ұсыныс береміз. Сонымен тағы да жергілікті бюджеттенде 1 млрд-тай қаржы бөліп, жалпы сомасы биылғы жылы 5 млрд. ақша беретін болсақ, онда биылғы жылы  сол жолайырықты ..транспорттың жүруін ашып жіберуге мүмкіндік бар.

А. Төребекқызы