Ертең жетінші Парламент шақырылымының алғашқы отырысы өтеді. Тиісті жарлыққа бүгін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Айта кетейік, Мемлекет басшысы - Мәжіліс депутаттарын сайлау кезінде - Парламент қабырғасында үндеу жасайтынын мәлімдеген. Сондай-ақ реформалар әзірленіп жатқаны туралы айтқан еді.