Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматылық жасотандықтар жазғызбасты қарттардың ауласын қардан тазалады

  • AstanaTV
  • 14 қаңтар 2021
  • 1541

Алматылық жасотандықтар әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмектесуді бастады. Еріктілер қолдарына күрек алып, ауладағы қарды тазалады. Белсенді топ игі бастаманы алдағы бір аптаға жоспарлап отыр. Оған 100-ге жуық ерікті жұмылдырылған. Жасотандықтар еңбекке қабілетсіз отбасыларға көмек көрсетумен ғана шектелмек емес. Сонымен қатар, тәулік бойы тынбай еңбек етіп жүрген коммуналдық қызметкерлерге де қолдау көрсетуде. «Кел, шәй ішейік» деп аталатын Республикалық акция жария етті. Қала көшелерін қардан тазартып жүргендерге  ыстық шәй мен тәттілерді тегін үлестірді.  

Бекембай САХИ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ «JAS OTAN» ЖҚ БЕЛСЕНДІСІ:

Осы орайда біздің еріктілер қызметкерлерге көмектесіп, өзінің ыстық шәйлары мен тәттілерін беріп, осындай жұмыс жасап жатырмыз. Қазір қарт кісілердің үйлеріне барып, жалғызбасты аналардың үйлеріне барып ауласын тазалап, көмек беріп жатырмыз. Бұл іс-шара Алматы қаласында бір апта бойы сегіз ауданда жүргізілетін болады.

А. Кемелжан