Бүгін Орталық сайлау комиссиясы VII шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаттарын тіркеді. Қаулығы сәйкес, Мәжілістің 107 депутатына куәлік пен төсбелгі табысталды. Олардың қатарында «Nur Otan» партиясының партиялық тізімі бойынша - 76 депутат бар. Сонымен қатар «Ақ жол» демократиялық партиясынан - 12, Қазақстан Халық партиясынан – 10, Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайлаған - 9 депутат бар. Комиссия төрағасы Берік Имашев төменгі палата депутаттарын, құттықтады.
Берік ИМАШЕВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Сіздерді депутаттық мандат алуларыңызбен құттықтаймын. Заң шығару билігін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілдігінде жемісті жұмыс пен табыс тілеймін.
Ғ. Өтемісов