Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте ірі сауда орынының сатушылары бір орынды екінші қайтара сатып алуға қарсы

  • AstanaTV
  • 15 қаңтар 2021
  • 2133

Шымкентте ірі сауда орнының сатушылары күнкөріссіз қаламыз ба деп қауіптенеді. Арнамызға арыз айтқан бір топ кәсіпкер, талайдан сауда істеп отырған тұрақты орындарын қайта сатып алуға мәжбүрлеп жатқандыран айтты. Бұл жаңа басшының талабы, деді.

Жанар САПАРБЕКОВА, КӘСІПКЕР:

Әр местаны 3,5 млн -7 млн-нан деп жатыр. Оны қайдан тауып береміз біз. Ондай ақшамыз болса үйде отырмаймыз ба?! Жылда договорға тұратынбыз, қазір договор жоқ ешқандай. Сөйтіп, сатылады деп жатыр бізге. Біз кредитпен кредит жүріп жатырмыз.

Гүлнәр ӘЗІМБАЕВА, КӘСІПКЕР:

Өзім шапан сатам. Қазір той жоқ- дедім. Той жоқ. Шапанды кім алады, мен 1 млн-ды қайдан шығарып берем дедім.  «Болмаса босат, сенің бутигіңді алатын адам бар»,- деді. Дәл сөйтіп айтты. «Ертең жылап қалма, үстіңнен сатып жіберем»,- деді, дәл сөйтіп айтты.

Сатушылардың айтуынша бұл проблема былтыр мамырдан басталған. Айтуларынша базардағы үш жүздей дүңгіршекпен күнін көріп отырғандар тығырыққа тіреліп тұр. Көпшілігі көпбалалы, отбасының жалғыз асыраушысы екендерін алға тартуда. Ал базар басшысы кәсіпкерлер жаңа талапты түсінбеген деп отыр.  Берікжан Тілепов саудагерлер өз орындарын қайта-қайта сатпауы үшін кепілге ақша жинап жатқанын айтты.

Берікжан НҰРТІЛЕПОВ, БАЗАР ДИРЕКТОРЫ:

Сатып кетпес үшін. Ол ақшаны депозитке қойып қоямыз. Егерде олар «базардан кетем, басқа бизнеске кетем немесе басқа елге кетем,базарды тастаймын» десе сол ақшасын қайтарып береміз. Сразу айтық бәріне, карантин кезінде ешкімге тиіспейміз. Карантин біткен соң жәй-жәй бөліп-бөліп ...сразу бер деген әңгіме жоқ ол жерде.

А. Төребекқызы