Русский Сайттың толық нұсқасы

Беларусь хоккейден Әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылды

  • AstanaTV
  • 19 қаңтар 2021
  • 1452

Беларусь хоккейден Әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылды. Халықаралық хоккей федерациясы осындай шешім қабылдаған. Оның негізгі себебі әрине Минскідегі саяси ахуал. Халықаралық ұйымдар мұнда адам құқығы тапталып, белсенділердің саяси қуғынға ұшырағанын ашық айта бастады. Оның үстіне чемпионат демеушілері де өз ультиматумын қойған. Олар, чемпионат Минскіде өтетін болса қаржылай көмек көрсетілмейді, деп талап қойыпты. "Бас тартамыз", деген компаниялар ішінде «Liqui Moly», «Skoda» автокөлік компаниясы және «Nivea» косметикалық бренді де бар.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХОККЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ:

Қауіпсіздік мәселелерін ескере отырып, Федерация 2021 жылғы Әлем чемпионатын Минскіден көшіреді. Бұл шешім барлық тараппен кеңесе отырып, ұзақ талқылаудан кейін қабылданды. Саяси ахуалдан бөлек COVID-19 мәселесі де ескерілді.

Айта кетейік, хоккейден әлем чемпионаты биыл Минскі мен Латвия астанасы - Рига қалаларында өтуі керек еді. Мамырдың 21 мен маусымның 6-сы аралығына жоспарланған шара енді тек Ригада ғана өтуі мүмкін.


Ә. Өмірзақ