Өткен жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі, коронавируспен күреске 187 млрд. теңгеден астам қаражат бөлген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" өкілдері айтты. Ол қаражаттың басым бөлігі денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне үстемақы төлеуге жұмсалған.
Болат ТӨКЕЖАНОВ, ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:
Медицина қызметкерлеріне үстемақыға – 110,9 млрд теңге, медициналық көмекке және КВИ таралуын тоқтатуға – 53,9 млрд теңге бөлінді. Провизорлық, карантиндік және инфекциялық стационарларға 384 мың адам емдеуге жатқызылды және емделді.
Жалпы, 2020-шы жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарна мен аударым түрінде 550 миллиард теңге түскен. Айта кетейік, түсетін барлық қаражат тұрғындарға медициналық көмек ақысын төлеуге бағытталған.
Ә. Өмірзақ