Русский Сайттың толық нұсқасы

Жаңа анимациялық фильм жарыққа шықты

  • AstanaTV
  • 21 қаңтар 2021
  • 3313

Балаларға базарлық. Қазақ тіліндегі мультфильмдер қатары тағы бір туындымен толықты. Бүгіннен бастап барлық кинотеатрларда, Голливудтық "Жан" туындысы көрерменге жол тартты. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында "Nur Otan" партиясының қолдауымен фильмінің алдын ала көрсетілімдері өтті. Елордадағы алғашқы көрсетілімге барып қайтқан тілшіміз, туындының ерекшеліктері жайлы баяндайды.  

Жаңа мультфильм әйгілі "Уолд Дисней" мен "Pixar" компанияларының кезекті туындысы. Оны қазақ тілінде дубляждау "Болашақ" корпоративтік қоры мен "Меломан" компаниясының бастамасымен жүзеге асқан. «Жан» қазақ тіліне дыбысталған 36-шы фильм. Таңғажайыпқа толы мультфильмнің, айтар ойы да, тәрбиелік мәні де салмақты.

Динара ШАЙЖҮНІСОВА, "БОЛАШАҚ" КҚ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Мен «Жан» фильмі барлық көрермендерге ұнайтынына сенімдімін. Анимациялық туынды таңғажайып сәттерге құрылған. Бұл жердегі балаларға беретін тәрбиелік мәні де зор. Мәселен, мультфильмде өмірдің мәні туралы, ұсақ дүниеге де қуана білу керектігі әсерлі бейнеленген. Қазір біз ата-аналар мен балаларға қуаныш сыйлау үшін әлемдік компаниялармен келісіп жасап жатырмыз. Болашақта YouTube сияқты интернет-сайттарда көрерменде біздің өнімдерді тегін көре алады.

"Болашақ" қорының қамқоршылық кеңесі, уақыт өте шетелдік анимациялық фильм қазақ тіліндегі класикаға айналатынына сенеді. Дубляж режиссерінің айтуынша кейіпкерлерді қазақша сөйлетуге тәжірбиелі 70-ке жуық актер қатысқан.  Фильмді дыбыстауға 1 ай, ал туындының мәтінін қазақ тіліне аударуға 2 ай уақыт кеткен. Арасында, әлемге танылған қазақстандық әнші Димаш Құдайберген туралы достық әзіл де кездеседі.  

Назерке ЛЕСБЕКҚЫЗЫ, ДУБЛЯЖ РЕЖИССЕРІ:

Қазаққа сіңіп кеткен әзілдерді қостық. Және Димаш Құдайбергенді қостық. Мәтінге кіріп кетті да ыңғайлы келіп тұр. Ол жерде негізі ағылшынның бір танмал кісісін жазған дәрігерді. Оны көбісі тани бермегеннен кейін біз біздің көрерменге таныс адамды жазайық дедік. Өтпей қалады ғой бұл жерде әзілі.


Алдын ала көрсетілімге "Nur Otan" партиясы ұйытқы болды. Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек келіп тамашалады. Ол өз сөзінде Елбасының Жарлығымен "Болашақ" бағдарламасымен оқып келген жастардың елге пайдасы тиіп жатқанын тілге тиек етті. Сондай-ақ, мемлекеттік тілде дубляждалатын фильмдер қатары көбейетінін айтты.

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Осы жылдан бастап, жалпы мемлекет көбірек осы жобаларға қолдау көрсетіп ақша бөлетін болады. Енді мен ойлаймын осы кезекте мемлекет тарапынан да қолдау көрсетіліп осы фильмдер мемлекет қаражатына тағы дубляждалатын болады.

"Болашақтықтарда" көрермендерді қуантуға әзір екендерін білдірді. Олар қазақтілді аудитория үшін жоғары сападағы мазмұнға бай дүниелерді қолжетімді жасаудан тартынбайтындарын айтты. Айта кетейін, "Жан" анимациялық фильмі өткен жылдың маусымында үлкен экранға шығу керек болған. Пандемияға байланысты шегерілген.

А. Данияр