Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда есірткі жарнамасын жасаған екі жігіт ұсталды

  • AstanaTV
  • 22 қаңтар 2021
  • 1661

Алматыда есірткі жарнамасын таратқан 27 және 26 жастағы екі жігіт ұсталды. Полицияның мәліметінше, күдіктілер есірткі атаулары мен оларды сататын сайттың мекен-жайын көшелерге жазған. Түрлі аэрозольді бояумен трафаретте салыпты. Тергеу кезінде бұзақылар кінәләрін толық мойындаған.

Ал бұзақылардың бұл әрекетін қала тұрғындары бірінші болып байқап, полицияға хабарлапты. Тергеу нәтижесінде ұсталғандардың бірі бұрын біреудің мүлкін ұрлағаны үшін жауапқа тартылғаны анықталған. Полиция Департаменті егер күдіктілердің қылмысы дәлелденсе 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін дейді.

Ә. Лесбек