Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда тоңазытқыштан табылған егіз ұлды ата-анасы мастықпен өлтірген болуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 13 қыркүйек 2017
  • 3264

Тоңазытқыштан мәйіттері табылған егіз баланы ата-анасы мастықпен өлтірген болуы мүмкін. Алматы қалалық ішкі істер департаменті осындай ақпар таратты. Жаға ұстатарлық сұмдық оқиға туралы кешегі жаңалықтарымзда айтқан едік.

Күдікті ретінде екі адам ұсталған. 1983-ші жылы туған Анна Волченко мен 29 жастағы Өзбекстан азаматын құрықтаған сәтте ащы суға тойып алған еді, - дейді тәртіп сақшылары. Бүгін естерін жиғанымен, болған іске өкінетін сыңай танытпаған. Алдын ала болжам бойынша, сәбилер 4-5 күн бұрын тұншықтырып өлтірілген. Ал қос күдікті балалардың денесін жасыру үшін пәтер жалдауы мүмкін деген жорамал бар. Шетелдік азаматтың Қазақстанда тіркеу құжаты болмаған. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. 

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ІІД ресми өкілі:

Алматы қаласында ұсталдыЕш жерге қашып үлгерген жоқ. Өйткені барлық шығу жолдарына тосқауыл қойылды. Егіз баланың өлу себебін және бұл қылмыстың орын алған күнін сот медициналық сараптама анықтайтын болады. Құрықталған азамат менің балаларым деп түсіндіруде.

Күні кеше Алматыда бір бүлдіршіннің ата-анасынан адасып қалғаны жайлы ақпар тарағанТергеу қорытындысы 3 жасар ұлдың күдікті әйелдің баласы екенін анықтады. Анасы мастықпен сәбидің қайда қалғанын да білмейді. Қазір бала ауруханада. Ақ халаттылар бұл жайға қатысты қандай да бір түсінік беруден бас тартты.