Русский Сайттың толық нұсқасы

Сіздің интернетке көңіліңіз тола ма?

  • AstanaTV
  • 26 қаңтар 2021
  • 2368

Министрлердің басын қосқан Президент елдегі ғаламтордың жайына шүйлікті. Тіпті, осы сәтті ұялы байланыс операторлары да "ұтымды" пайдаланатындай деді. Тарифтік жоспарларды үнемі өзгертіп, бағаны көтеріп жататын айтты. Әсіресе, мұндай жайттар соңғы жарты жылдан бері өткір тұр. "Сіздің интернетке көңіліңіз тола ма?" әріптесім Асылбек Данияр тұрғындардың пікірін біліп көрді.

Қазіргі кезде адамдарды смартфонсыз елестетудің өзі қиын. Барлығы дерлік әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланады. Бірақ интернет жылдамдығы көңіл көншітпейді. Тіпті, байланыс операторларының ұсынған тарифтік жоспары айға жетпей таусылып қалады. Мұны қала тұрғындары жарыса жеткізді.

БЛИЦ:


- Тариф тез бітіп қалады уақытынан. Айына қанша рет дейсіз бе? Енді бір рет салу керек қой. Бірақ білмеймін қалай жеткізетінін. Иә, жетпей қалса саламын міндетті түрде, өйткен керек қой бізге.

- 2700 тариф ол да жетпейді. Сосын арасында тағы да қосатын кезім болады.

- Айына екі рет тариф саламын. Оның құны шамамен 3800-дей теңге болады. Ол кейбір кездері салған ақшамызды ақтамайды. Сеть шықпайды, тарифтің өзінің жоспары мүлдем жетпейді.


Бұл мәселе елдің оңтүстік аймағында да өзекті. Қашықтан білім алатын студент, білім бағдарламасынан қалып кетпеу үшін амалсыздан бірнеше рет төлем жасайды екен.  

Тойсұлу НАРТАЙ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Жай ғана қоңырау шалу арқылы тексеріп көрейінші деп ешқандай интернет желілеріне, Youtube-ге кірмей тексеріп те көрдім. Дегенмен, пайдалансаң да пайдаланбасаңда мегабайттардың желініп жатқанын өз көзім көріп анықтадым.

Тарифтік жоспарларды ауыстырып, жаңашылдық енгізуден шаршамайтын ұялы байланыс операторларына хабарласып көрдік. Бірақ мардамды жауап алудың жөні болмады. Проблемадан Мемлекет басшысы да хабардар. Ол бұл кемшілікті жою үшін Үкіметке нақты тапсырмалар берді. Қасым-Жомарт Тоқаев интернеттің қауіпсіздігі саласындағы тұтынушылардың құқығын қорғау мәселесін жетілдіруді тапсырды.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:


Халықтың тағы бір проблемасы – интернеттің қауіпсіздігі мен жылдамдығының төмендігі. Байланыс операторлары тарифтік жоспарды үнемі өзгертіп, бағаны көтеріп жатады. Бірақ интернеттің жылдамдығы мен сапасы сол күйі қалады. Үкіметке осы саладағы тұтынушылардың құқығын қорғау мәселесін жетілдіруді және ұсынылған параметрлердегі едәуір айырмашылық үшін жауапкершілік енгізуді пысықтауды тапсырамын.

Мемлекет басшысы жауапты орындарға тапсырма берді. енді оның қалай шешілетіні алдағы уақыттың еншісінде.

А. Данияр