Тіршілік нәрінен қағылған алматылық тұрғындарға ауыз су берілді. Қытымыр қыстың аязында суға жарымаған жұрттың мәселесін «Nur Otan» партиясы шешіп берді. {КТМ} Қаладағы Павлодар көшесінің халқын сусыз қалдырған құбыр сонау 1970 жылы төселген екен. Биыл ол сыр беріп, жарылған. Сөйтіп мұндағылар ауыз сусыз қалған еді. Тіршілік нәрінен қағылғандар «Nur Otan» партиясынан көмек сұрапты. Партия өкілдері тұрғындардың өтініші уақытында қаралып, жұмыстар дер кезінде жасалынғанын айтты.
Эльмира ҚОЖАХМЕТОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Толық өзімнің жағдайымды жаздым "Нұр Отанға". Осындай жеті үй ауыз сусыз қалды деп. Бір жетіде бізге қалалық су желісіне қосып бар проблемамызды "Нұр Отан" партиясың арқасында шешілді. Қазір үйімізде су бар. Бәрі жақсы.
Ерлан ДАВОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ қ. ЖЕТІСУ АУДАНДЫҚ ФИЛАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
«Алматы Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының жұмыскерлері су құбыры желісіндегі апатты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Әрі сүзгілер мен есептегіштерде тазартылды. Жұмыстар толық көлемде, белгіленген мерзімде сапамен орындалды.
Ә. Лесбек