Русский Сайттың толық нұсқасы

Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған үш адам көз жұмды

  • AstanaTV
  • 27 қаңтар 2021
  • 5018

Финляндияда коронавирусқа қарсы вакцина салдырған үш адам көз жұмды. Бірнеше күн бұрын олардың денсаулығында түрлі деңгейдегі ауытқулар байқалған екен. Бұл бір елде ғана болған жағдай емес, басқа мемлекеттерде де вакцина салдырып, артынша қайтыс болғандар бар. Дегенмен медицина қызметкерлері өлім фактісін жаңа вакцинамен байланыстыруға асықпайды. Салғызғандардың басым бөлігі қарттар, басқа аурудан көз жұмған болуы мүмкін дегенді алға тартып отыр. Толығырақ, келесі бейнематериалда.

Тағы коронавирусқа қарсы вакцина салдырып, артынша көз жұмғандар тіркелді. Бұл жолы Финляндияда. Оларға америкалық Pfizer және немістің BioNTech компаниясының екпесі салынған.

Бұған дейін Норвегияда вакцина алған 23 адам қайтыс болған еді. Оларға да америкалық компанияның препараты салынған. Дегенмен медицина саласындағы қауіпсіздік және даму жөніндегі фин агенттігі, бұл өлім-жітімді вакцинамен байланыстыруға асықпайды.

Жаңа вакцинаның пайдасынан бұрын, қауіпсіздігі талқыланып жатқанда, әлемде коронавирустың жаңа штаммдары пайда болды. Дегенмен Moderna компаниясы Оңтүстік Африкада пайда болған штаммнан қорғай алатынын мәлімдеді.

Алехандро КРАВИОТО, ДДСҰ САРАПШЫСЫ:

Moderna вакцинасын қолданудың негізгі талаптары бар. Мәселен оны 100 микрограмм дозада немесе 28 күн аралығында 0,5 миллилитр мөлшерде енгізу керек. 42 күнге дейін ұзартуға болады.

Дегенмен кей жағдайда екпе салу ұсынылмайды. Мысалы аллергиясы бар және жүкті әйелдерге вакцина салынбайды. Айтып өтейін, АҚШ және Канада өздері шығарған Pfizer және Moderna вакциналарын қолдану мақұлданған.   

Ә. Өмірзақ, А. Сюмбаева