Русский Сайттың толық нұсқасы

Отбасылы келіншек жаңа туған шақалағын қоқысқа тастаған

  • AstanaTV
  • 28 қаңтар 2021
  • 3472

Атырауда 35 жастағы отбасылы келіншек жаңа туған баласын қоқысқа тастаған. Безбүйрек ана мұндай қадамға не үшін барғаны белгісіз. Оны құзырлы орган мамандарына да түсіндіруден бас тартқан. КСМ: Бұл оқиға қаңтардың 24-і күні, облыс орталығынан 250 шақырым қашықта жатқан Сағыз ауылында орын алған. «Қан кетіп жатыр» деген хабармен жанұшыра жеткен ақ халаттылар, әйелдің босанғанын анықтапты. Келіншектің күйеуі және кәмелет жасына толмаған 4 баласы бар екен. Алайда жүктілігіне байланысты дәрігерлерде есепкеде  тұрмаған. Қазір полицейлер «Жүктілікті жасанды үзуді заңсыз жүргізу» бабымен сотқа дейінгі тергеп тексеруді бастап кетті. Кешенді сот медициналық сараптама жарық дүниені көріп үлгермеген шақалақтың неден өлгенін анықтайтын болады.  

Досбол БАҒЫТЖАНОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ:

Гинекологтармен қаралу нәтижесінде оның босанғандығы анықталды. Келесі күні баланы берген жоқ. Нәрестені іздеу барысында өзінің тұрғылықты жері бойынша 100 метр жерде  қоқыс жәшігінен өлі денесі табылды баланың. Әйел адам өзінің үйінің туалетінде босанған. Баланы сыртқы қарау кезінде толыққанды дамыған, биологиялық дамыған бала екендігі анықталып отыр.

Естеріңізге салайық, былтыр дәл осы уақытта Атырау қаласындағы жылу құбырынан жаңа туған сәби табылған болатын. Таңға жуық нәрестенің жылаған дауысын естіген қала тұрғыны, оны аман алып қалды.  Тергеу барысында «көкек» ана табылып, 22 жастағы Орал қаласының тұрғынын екені белгілі болды. Сот оны 1 жыл бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындаған еді.  

Б.Нәдірқызы