Русский Сайттың толық нұсқасы

Латын әліпбиінің жаңа нұсқасы жарияланды

  • AstanaTV
  • 28 қаңтар 2021
  • 2149

Латын әліпбиінің жаңа нұсқасы жарияланды. Онда 31 әріп, қазақ тілінің 28 дыбысы толық қамтылған. Бұл туралы бүгін Премьер-министр Асқар Маминнің қатысуымен өткен ұлттық комиссия отырысында белгілі болды. Комиссия мүшелері жаңа әліпби қазақ тілінің жазу дәстүрінде орныққан «бір дыбыс – бір әріп» принципіне толық сәйкес келеді деп отыр. Онда қазақ әріптері халықаралық стандартарға сай диакритикалық таңбалармен берілген. Үкімет басшысы латын графикасына көшудің өзі кезең-кезеңімен атқарылатынан айтты. Ол шамамен 2023 жылдан бастап 2031 жылға дейін жоспарланған.

Асқар МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Жетілдірілген әліпби нұсқасы қазақ тілінің дамуына жаңа серпін беріп, оның заманауи үрдістерге сай жаңғыруына ықпал етеді. Алдағы уақытта қазақ тілін латын графикалы әліпбиге кезең-кезеңімен көшіру бағытында қарқынды жұмыс жүргізу керек.


А. Мүтәлі