Русский Сайттың толық нұсқасы

Колония басшысы бас бостандығынан айрылды

  • AstanaTV
  • 29 қаңтар 2021
  • 2251

Миллион теңгенің мехнаты. Қостанай соты жазасын өтеушіден қомақты ақша бопсалаған тағы бір колония басшысына үкім кесті. Жітіқара қаласындағы УК – 161/3 төтенше қауіпсіздік мекемесінің экс-басшысы Арман Әбілов сегіз жарым жылға сотталды. «Қара бүркітті» басқарған шенді, жазасын өтеуші азаматтан 1 миллион теңге бопсалаған. Есесіне «қорған болатынын» айтқан.  Ол былтыр тамыз айында қомақты ақшаның 700 мың теңгесін алу үстінде қолға түскен еді. Колония басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен полиция өкілдері бірлесіп өткізген операция аясында ұсталды. Еске салайық, халық арасында «Қара бүркіт» аталатын түрмеде өмір бойы бас бостандығынан айрылғандар жазасын өтейді. Аса қауіпті қылмыскерлер арасында Арқанкергенде 15 кісіні атқаны үшін жазаланған Владислав Челах, он адамды опат қылған Руслан Күлекбаев секілді - бақилыққа сотталғандар бар.

З. Санай