Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматылықтар үй іргесінен құрылыс салуға қарсы

  • AstanaTV
  • 29 қаңтар 2021
  • 2518

Алматылықтар үй іресінен салынатын құрылысқа қарсы шықты.  Мамыр-3 ықшамауданы тұрғындары жиналып, қоршалған аумаққа кірмек болды. Олардың айтуынша ол жерге оқу орталығы ашылмақшы. Құрылысқа жауаптылар ойын алаңына айналған жердегі ағаштарды отап тастаған. Тараптарды тындаған әріптесім Әсем Лесбектің репортажы.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Тұрғындардың тынышын қашырған үй іргесіндегі құрылыс дауы осыдан бір апта бұрын басталыпты. Жер телімінің иесі маңайды қоршап, ғимарат салуға бекінген. Бірақ жұрт құрылыс басшысың ешкіммен кеңеспегенін айтып отыр. Әрі ғимарат пен үйдің ара қашықтығы үш метрге де жетпейді дейді.


Үйлердің жанындағы ағаштарды отап тастаған жұмысшылар әне-міне кешеннің кірпішін қаламақ. Ал адамдар нысан бой көтерсе бала қайда ойнайды деп түсінбей дал.

Жібек ҚҰЛЫБЕКОВА, МАМЫР-3 ЫҚШАМАУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бір жеті болды стройка жасаймыз деп кірісіп жатқандарына, біздің неше жылдық еңбегімізді, отырғызған ағаштарымыздың бәрін кесіп. Мына жерге стройка жүргізу дұрыс емес. Халыққа бұның бәрі зиян. Балаларымыз ойнай алмайды, жүре алмайды. Бізге көгал керек, бізге демалатын жақсы ауа керек.


Құрылысқа қарсы шыққан қарашаның қарасы қалың. Олар жергілікті әкімдік тұрғындардан рұқсат сұрамады деп ашынады.

Болатхан ТАНАБЕКОВ, МАМЫР-3 ЫҚШАМАУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Перестройка бастап кетті бұл нагла, бізден рұқсат алған жоқ. Біз рұқсат берген жоқпыз. Енді қазір міне без разрешения, без ничего, біздің келісіміміз бойынша келіспей бастап кетті.


Гүлнәр ӘМІРОВА, МАМЫР-3 ЫҚШАМАУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бұл үйлерді біз 2005 жылы мемлекеттік бағдарламамен алдық. Үйлеріміздің сыртын қараңыздаршы, ескірген. Сылақтары құлап жатыр. Енді мұнда құрылыс жұмыстары жүретін болса, үйіміз құлайды ғой. Онсыз да іргетастары жарылып тұр.  

Маңайына қоршау қойылған құрылыс алаңына тұрғындар кіруге ұмтылды. Бірақ іштегілер қақпаны ашпай қойды.

Ал ашулы топпен кездескен тапсырыс беруші мекеменің басшысы мұнда оқу орталығының салынатынын растады. Сондай-ақ, ол құрылыстың заңды екенін айтты.

Аманжол МЕЙЗИКЕНОВ, ТАПСЫРЫС БЕРУШІ МЕРДІГЕР МЕКЕМЕНІҢ БАСШЫСЫ:

Мемлекет бізге осы жерден компенсация ретінде жер берді 2017 жылы. Біздің барлық құжаттарымыз бар, мемлекеттік сараптамадан өткен құжат. ГАЗкадан барлық рұқсат құжаттарымыз бар. Ағаш кесуге де рұқсатымыз бар. Тұрғындардың келісімі бар ғой. Енді бұл жерде келісім бермегендер келіп тұрған шығар.


Құрылыстың қаншалықты заңды екенін сәулет-құрылыс бақылау департаментінен сұрастырып көрдік. Бірақ ондағылар сауалымызға жазбаша жауап берді.

Тұрғындар қажыты болса да, құрылысты салуға жол бермеуге бекінген. Қазір олар тиісті орындардың бәріне шағым хат әзірлеп, қол жинауға кірісіп кетті.

Ә. Лесбек