Отандық "Ұлы дала зары" фильмі, голливудтық "Оскардың" лонг-листіне енді. Картина "Шет тіліндегі үздік фильм" номинациясы бойынша бақ сынамақ. Жоғары дәрежелі марапатқа 93 ел, өз туындысын ұсынған. Жүзден жүйрік атанған 15 кинотуынды, қазылардың іріктеуінен өткен. Олардың арасында отандық картина бар. Тарихи драма - "Ұлы дала зарының" режиссеры Марина Кунарова. Шығармашылық ұжым бұл фильмге 5 жыл уақытын сарп еткен. Картинада 1920-1930 жылдардағы ашаршылық жайлы ащы шындық көрініс табады.
Ғ. Өтемісов