Цифрландыру
мәселелері жөніндегі кеңестен соң Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әйгілі Hyperloop
One компаниясының басшыларымен кездесті. Әңгіме барысында тараптар Қазақстандағы цифрлық экономиканы дамыту
мәселелерін талқылады.
Еуразия
құрлығындағы көлік-логистика жобаларының перспективалары жөнінде пікір алмасты.
Hyperloop - вакуумды поезд жобасы болып табылады. Оны 2012-2013 жылдары Илон
Маск ұсынған. Жобаны іске асыруда SpaceX, Hyperloop One және HTT компаниялары белсенділік танытып отыр.