Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлы Отан соғысының ардагерлері тұрғын үй кезегінде тұр

  • AstanaTV
  • 03 ақпан 2021
  • 1665

Алматының бір ғана Іле ауданында 4 мыңға жуық адам баспана кезегінде тұр. Олардың арасында Ұлы Отан соғысының ардагерлері де бар. Бұл жайында аудан әкімінің есебінде белгілі болды. Сондай-ақ 2 мыңға тарта жағдайы төмен отбасылар мен мыңға жуық көпбалалы жанұя тұрғын үйге тәуелді екен. Жалпы жыл басталғалы ауданда 167 пәтер пайдалануға беріліпті. Аудан атқамінерлері биыл 60 пәтерлі кредиттік үйдің құрылысы басталатынын айтты.

Бағдат ҚАРАСАЕВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Жыл басынан барлығы ауданымыздан 167 пәтер тұрғындарға берілді. Былтыр «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында  үй кезегінде тұрған 72 отбасы баспаналы болды. Ал «7-20-25» бағдарламасымен 14 азамат пәтер иеленді. «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша 81 азамат пәтер  кілттерін алды.


Ә. Лесбек