Русский Сайттың толық нұсқасы

Tengri Bank-тің экс-менеджерлеріне халықаралық іздеу жарияланды

  • AstanaTV
  • 04 ақпан 2021
  • 1824

Tengri Bank-тің экс-менеджерлеріне халықаралық іздеу жарияланды. Олар: банктің әкімшілік-шаруашылық департаментінің бұрыңғы директоры - 1977 жылы туған Алмас Бақытов және еншілес компанияларының біріне басшылық жасаған - 1991-ші жылы туған Тоғжан Рахметова. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады. Агенттік күдіктілерді тұтқындауға қаулы қабылданғанын жария етті.

Жақсылық МЫРЗАХАН, ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГІ АГЕНТТІГІНІҢ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ЭД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Егер аталған тұлғалардың орналасқан жері туралы ақпарат болған жағдайда Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне хабарлауды сұраймыз.

Еске сала кетейін, өткен жылдың қыркүйегінде Tengri Bank операцияларды жүргізу лицензиясынан айрылған еді. Ал банк салымшыларына 10,7 миллиард теңге өтемақы төленген.

Ғ. Өтемісов