Русский Сайттың толық нұсқасы

Облыстың бұрыңғы әкімінің ісі апелляциялық сотта қаралуда

  • AstanaTV
  • 04 ақпан 2021
  • 2457

Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақовтың ісі апелляциялық сотта қайта қаралып жатыр. Сот үкімі шыққан күннен бастап, оның жақындары шешіммен келіспейтіндерін айтқан болатын. Олар «сот айыптау негізінде ғана өтті, дәлелдеріміз ескерусіз қалды» деп есептейді. Әлеуметтік желі арқылы Мемлекет басшысынан араша сұраған еді. Апелляциялық сатыда Қызылорда қалалық №2 сотының шешімі бұзылады ма, әлде өзгеріссіз қалады ма? Ол жағы әзірге белгісіз. Естеріңізге сала кетейік, Қызылорда облысының бұрыңғы әкімі Қауанышбек Ысқақов желтоқсан айында «алаяқтық» бабы бойынша кінәлі деп танылды. Сот,  экс-шенеунікті 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кескен болатын.

М. Тоқтасынқызы