Русский Сайттың толық нұсқасы

Судан тарыққан саяжай тұрғындары шу шығарды

  • AstanaTV
  • 04 ақпан 2021
  • 1705

Елорданың іргесіндегі саяжай тұрғындары сусыз отырғанына айға жуықтаған. Шыдамы таусылған Есіл ауданына қарасты «Газовая аппаратура» халқы шу шығарды. Олардың айтуларынша, суды саяжай төрағасы тоқтатып тастаған. Толығырақ тараптарды тыңдаған әріптесім Бекболат Сатуов тарқатады.

Саяжайлықтардың судан қағылғалы айға таяса да, мәселеге араша болар шенді табылмапты. Базыналы бұқара қай жерге хабарласса да, оңды жауап ала алмағандарына күйінеді. Айма-ай ақша төлеп отырғандарын айтқан олар, тіршілік көзінен тарықтырған төрағаның қылығын түсіне алар емес.  

Гүлнәр ҚЫДЫРНИЯЗОВА, САЯЖАЙ ТҰРҒЫНЫ:

Біз төрт жүз теңгеден айына жинаймыз. Каждый үйден жинап, береміз председательге. Председатель -Володя Морозов. Біздің председатель.Қарыз бар дейді.бірақ қандай қарыз екенін біз білмейміз.Айма-ай төлеп жатыр төрт жүз теңгеден.


Ақылби БАЙМЫРЗАЕВА, САЯЖАЙ ТҰРҒЫНЫ:


Су прорблема бізде. Ешкімнің ойы жоқ оған. Халық қиналып жатыр.Бала-шағаменен ана жақтан арабамен алып келеміз.


Мәселенің ақ-қарасын ажырату үшін, саяжай төрағасымен тілдестік. Ол бірнеше жыл бұрын, жергілікті әкімшілікпен келісім-шарт негізінде саяжайға құдық орнатқанын айтты. Бірақ соңғы кездері тұрғындардың тең жартысы суға ақы төлемей қойған соң, баспа құдықты алып тастадым дейді.    

Володя МОРОЗОВ,  "ГАЗОВАЯ АППАРАТУРА" САЯЖАЙЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
 
Тұрғындар ауыз су ақшасын өткен жылы толық төлеген. Ал, биыл көбісі ақшасын төлеуден бас тартып отыр. Ал мен оны өз қалтамнан төлегім келмейді. Сондықтан мен оны алып тастадым.

 
Суға жауапты «Астана су арнасыда» мәселеге қанық екен. Тұтынушылардың берешігі бар деді.

Бекболат САТУОВ, ТІЛШІ:

Саяжай тұрғындары құдықты қайта орнаттыра алады. Ол үшін қарыздан құтылу қажет. Сосын «Астана су арнасына» жазбаша өтініш қалдырса, мәселе шешілмек. Айтып өтейік, жауапты мекеме құдықты қайта орнату үшін қосымша қаражат талап етпейміз деп сендірді.
 

Б. Сатуов