Русский Сайттың толық нұсқасы

Ауылшаруашылық техникасының сатып алуына мемлекет 5 млрд теңге несие бөледі

  • AstanaTV
  • 13 қыркүйек 2017
  • 2185

Ауылшаруашылық техникасын сатып алуға мемлекет 5 млрд теңге несие бөледі.  Құжатқа Аграрлық несие корпорациясы, несие серіктестіктері қауымдастығы мен лизингтік компания өкілдері қол қойды. Аграрлық несие корпорациясы тарапынан соңғы қарыз алушыға пайыздық мөлшерлемесі 5,5 пайыздан аспайтын несие ұсынылмақ. Өтеу мерзімі 60 айдан аспайды. Ауылшаруашылық машиналарын жасаушылар қауымдастығы мәліметіне сай, қазір агросалаға 200 мың комбайн мен тракторлар қажет. Ал несиелендіру бағдарламасының мақсаты - отандық өндірісті, жабдықтар технологияларын дамыту.