Русский Сайттың толық нұсқасы

Баянауылда қыруар қаржыға салынған су жаңа әуежай қаңырап қалған

  • AstanaTV
  • 05 ақпан 2021
  • 2134

Баянауылда 240 млн, теңгеге салынған су жаңа әуежай, кәдеге жарамай қаңырап тұр. Өйткені, таулы аймақтағы  ұшақтарды ұшырып-қондыратын жолағы халықаралық стандарттарға сәйкес салынбаған. Бүгін аудан әкімінің есеп беру жиынында тұрғындар, қазынаның қыруар қаржысына салынған нысанның келешегі қалай болатынын сұрады. Әкім оны инвестор есебінен іске асыруды жоспарлап отырғанын айтты.

Қанат КӘРІМОВ, БАЯНАУЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:


Біз ол ғимаратты кәдеге жаратуды ойластырып отырмыз. Мұнда ипподром, шаңғы базасы не болмаса, сауда орталығын ашу жоспары бар. Ғимарат республикалық жолдың бойында орналасқан. Сауда саттыққа өте ыңғайлы. Нысан аумағын үлкен алаң бар. Сондықтан, біз бұны туристтерге қызмет көрсететін қажетті орынға айналдырғымыз келеді. Осы мақсатта инвестор іздестіріп жатырмыз.


Аудандағы шағын әуежай Павлодар облысының бұрыңғы әкімі Болат Бақауовтың тапсырмасымен салынған. Құрылысы 2016-шы басталып, 2018 жылы аяқталды. Сол кезде ауданды басқарған Оразгелді Қайыргелдинов, биыл қаңтарда қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін 3 жарым жылға жаза арқалаған еді.

Ө. Қуанар