Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда көшелер су астында қалып, тұрғын үйлерге қауіп төнді

  • AstanaTV
  • 08 ақпан 2021
  • 1797

Павлодарда су құбыры жарылып, ағын су тұрғын үйлерге қауіп төндірді. Көшелерге жайылған су, тіпті қозғалысты шектеді. Кешелі бері төтенше жағдай мамандары ғана емес, тұрғындарда аяғынан тік тұрды. Апат салдарынан қалада 20-ға тарта көпқабатты баспана сусыз қалды. Төтенше жағдайға орай, қазір арнайы комиссия құрылды. Олар шығын көлемін есептемек. Апат салдарын әріптесім Өзгеріс Қуанар айтып береді.

Ағыны қатты бұл су – тасқын емес. Алайда, кеше кешкісін павлодарлықтарды аяғынан тік тұрғызды. Құбырдағы ақау Катаев көшесінде орналасқан бүтін бір көпқабатты үйге қауіп төндірді.  

Айсұлу ӘБДІРАХМАНОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Кеше сағат жетіде басталды. Су толды біз екі сағат балалармен далада тұрдық кіре алмадық. Потому что су тізеге дейін болды. Балалар жылап потом күйеуіме балконнан шақырып, ол түсті. Біз балаларды бір-бірден көтеріп кірдік. Бес сағаттан кейін келді. Су бірінші этажға көтерілгенде сағат он екіде келді.

Бекзат МЫҚТЫБЕК, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Мына су сасық. Қаланың ішіндегі судың бәрі келіп жатыр түгелі Катаев көшесінде аққан кірдің судың бәрі. Енді бүкіл үйдің бәрі сасық, шынын айтқан кезде. Балалар демала алмайды уже. Садикке қалай барады ертең. жұмысқа қалай барады түгелі мұз. Ертең тайып жығылады кім жауап береді.

Ағын су үйлерді ғана емес, көшелерді де шәйіп кетті. Соның салдарынан бір көше уақытша жабылды. Өйткені, көлкілдеген судан адам тұрмақ көлік жүре алмай қалды.  

Ержан ИМАНСІЛӘМ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Олар жан-жақтан насостар қойып жатыр. Бәрібір су мына жаққа кетіп жатыр. Өйткені мына жер төмен болған соң,  мына жаққа кетіп жатыр.

Ал коммуналдық қызмет өкілдері апатқа, ауа райын кінәлайды. Соңғы күндері күн күрт жылынып кеткендіктен, ескі құбыр қысымға шыдас бермеді деді.

Валерий РУДНИЦКИЙ, «ПАВЛОДАР СУ АРНАСЫ» ЖШС БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Апаттың негізгі себебі температураның өзгеруі. Соның салдарынан құбыр жарылып кеткен. Бұндай жағдайлар болып тұрады. 18 тұрғын үйді судан ажыратқанбыз, енді біртіндеп оларға су береміз. Құбырдағы ақауды қалпына келтірген соң, барлығана береміз.


Дегенмен апаттан келген шығын белгісіз. Бірақ аз емес. Оны енді арнайы құрылған комиссия анықтамақ.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:
 
Апат орнында мамандар түнімен жұмыс істеп жатыр.  Алайда, құбырдағы ақаудың қашан қалпына келерін ешкім дөп басып айта алмайды. Сондықтан, тұрғындардың су тасып ішіп, амалдай тұруына тура келме
к.

Ө. Қуанар