Алматылық полицейлер азаматтардың жеке деректерін сатқан. Бұл туралы Ішкі Істер Министрлігі өзіндік қауіпсіздік департаментінің басшысы Арман Саданов, онлайн-брифингте мәлім етті.Қылмыстық топ құрамында, қалалық полиция пепартаментінің қазіргі екі , бұрынғы үш қызметкерлері және бір азаматтық тұлға бар. Полицейлер азаматтық тұлғамен бірігіп, ведомстволық ақпараттық базаны сатуды кәсіпке айналдырыпты.
Арман САДАНОВ, ҚР ІІМ ӨЗІНДІК ҚАУІПСІЗДІК ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:
Алматы қалалық Полиция департаментінің қазіргі және бұрынғы қызметкерінің қатысы бар қылмыстық топ ұсталды. Олар азаматтық тұлғалардың жәрдемімен ведомстволық ақпараттық базаларды сату бойынша бизнес жасаған. Ал деректер үшінші тұлғалардың қолына өткен. Қазір қылмысты жасағандардың барлығы сотталды.
Ішкі Істер Министрілігі айыпты полицейлердің басшыларына тәртіптік жаза тағайындаған. Олар атқарып отырған лауазымдарынан босатылыпты. Айтпақшы, былтыр республика бойынша сыбайлас жемқорлыққа жол берген 51 полиция басшысы жұмыстан қуылыпты. Тағы әртүрлі деңгейдегі шамамен 106 басшы қызметінен босатылған. Олардың 4-еуі басқарма басшысының орынбасарлары екен. 24-і облыстық басқарманың бастығы, ал 39-ы қала және аудан басшылары.
Ә. Лесбек