Таразда полицейлер мінген қызметтік көлік, қала ортасында жол апатына ұшырады. Тәртіп сақшылары жеке иеліктегі "Мерседес" автокөлігімен соғылған. Екі көліктің де тұмсығы бұзылған. Абырой болғанда адамдар дін аман. Оқиға Әйтеке би мен Қойгелді көшелерінің қиылысында орын алды. Шенділердің айтуынша қалалық полиция батальонының патрульдік автокөлігі, дәмханадағы төбелес дерегі бойынша түскен қоңырауға асығып бара жатқан көрінеді. Ал, "Мерседес" автокөлігінің жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсін кесіп өтпек болған деді. Әзірге нақты кімнің кінәлі екені белгісіз.
Гүлсара МҰХТАРҚҰЛОВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Қазіргі уақытта сыртқы бақылау камераларындағы жазбалар, патрульдік автомашинаның бейнетіркегіші және полицейлердің бейнежетондары зерделенуде. Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша әкімшілік өндіріс басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Б. Жұмабайұлы