Русский Сайттың толық нұсқасы

Апатты үй тұрғындары облыс әкімдігіне келіп, айқай шығарды

  • AstanaTV
  • 08 ақпан 2021
  • 2299

Атыраудағы Құлсары қаласының апатты үй тұрғындары, бүгін облыс әкімдігіне келіп айқай шығарды. Бұқара, 5 жылдан бері жергілікті әкімдіктің түк бітірмей отырғанына ашулы. Айтуларынша атқамінерлер "ауданда баспана жоқ, сондықтан оның орнына ақша береміз" деп уәде еткен. Содан бері неше әкім өзгергенімен, бірақ мәселе шешілер емес деді. Үйінді астында қалудан қорыққан құлсарылықтардың көпшілігі, пәтер жағалап кеткендері айтады.  

Шыдамы шегіне жеткен ашулы бұл топ - Құлсары қаласынан арнайы келіпті. Айтуларынша тозығы жеткен баспананы мамандар "апатты" деп танығалы 5 жылдан асқан. Жаңасын береміз деген жергілікті атқамінерлердің де уәдесі орындалмай келеді. Содан бері 3-ші әкім ауысып үлгерген. Тағаты таусылғандар бүгін тайлы тұяғы қалмай, аязды күнге қарамастан, қаншама шақырым жолды артқа тастап облыс әкімдігіне келді. Араларында сексеннен асқан кейуана мен балаларын үйінде сыртынан құлыптап кеткен жас аналар да бар.

Жаңыл БАЗАРБАЕВА, ҚҰЛСАРЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Өзім көзім көрмейді, құлағым естімейді. Шалым бүкіл құжатты жасап, "апатты үй" деп кәдімгі құжатын 2019 жылға шығарды.

Данагүл АМАНИЯЗОВА, ҚҰЛСАРЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Тұруға келмейді. Трещина. Су ағады. Түсіп жатыр. Осы айда пәтерге төлейтін ақша жоқ. Мен сол үйдің дәл қасынан бір бөлмелі үй жалдап отырмын. Жалдап отырған үйге кілттеп үш баламды ауру енемді кілттеп келіп отырмын.

Салынғанына 34 жыл болған 5 қабатты үйдің тұрғындарын көшіруге ауданда жаңа баспана болмаған. Сондықтан әкімдік былтыр 1 бөлмелі пәтерге 4 млн, екі бөлмеге - 6 млн, 3 бөлмеге -7 млн теңге береміз деп уәде еткен. Сол қаражатқа өз беттерінше үй табуға кеңес беріпті. Алайда мемлекеттік сатып алу жүйесіне талдау жасаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері, бұл сомманы көп көрсе керек. Құзырлылар  әрқайсынан бір миллион теңгеден шегертуге ұсыныс жасаған. Бұл - онсызда қауіппен күн кешіп жатқандардың ашуын тудырды.    

ҚҰЛСАРЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Олардың беріп тұрған суммасына Құлсарыдан біз үй ала алмаймыз - бір. Шіріген үйден шығып, шіріген үйге бара алмаймыз. Екі. Біз апатты үйден шығып, тағы бір үйді берейін деп тұрған шығар. Акимат жанынан.

Тозған үйден шаршаған бұқараның журналистермен тілдесуіне шенділер қайта-қайта кедергі келтірді. Олар жиналғандарды ішке шақырды. Бірақ БАҚ өкілдері кірмейді деп кесіп айтты.
 
Қазір Жылыой ауданы жарияланған мемлекеттік сатып алу конкурсы тоқтап тұр. 50 пәтер алуға бюджеттен 314 млн теңгеге бөлмек болған. Жемқорлыққа қарсы қызмет 1 бөлмелі пәтерді 3 жарым млн-ға  алуға болатынын айтып, нәтижесінде 74 млн теңгесін үнемдеуге болатынын ескерткен.

Жәнібек ҚАРАЖАНОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:


Пәтерлерді сатып алу кезінде нақты бағадан жасанды өсу анықталды. Негізсіз өсуі. Осы ретте біздермен депаратментпен ұсыныс ретінде хат  жолданды Жылыой аудандық әкімдігіне яғни осы көрсетілген соманы  қарап, зерделеу жөнінде. Нарықтағы бағаны қарған уақытымызда 3 млн жарым 1 бөлмелі. Порталда 4 млн деп тұр.
 

Облыс әкімдігіндегі бұл айқай-шудан соң, базыналы тұрғындарды аймақ әкімінің орынбасарлары қабылдады. Шенеуніктер кешкі 5-ке дейін уақыт сұрап, нақты шешім қабылдауға келісімге келді. Қазір ғана белгілі болғандай.

Бірақ бәрібір тұрғындардың көңілі күпті тарқасты. Олар апатты үйдің орнына тағы да  коммуналдық пробелемасы қат-қабат баспанаға ұрынамыз ба деп қауіптенеді.

Б. Надирқызы