Салық қызметкерлері де сыбайлас жемқорлыққа жол беретіндердің қатарынан. Үкімет отырысында осыны айтқан Қаржы министрі, саланы әкімшілендіру қажеттілігіне тоқталды. Ерұлан Жамаубаев, бірыңғай киім үлгісін енгізуді ұсынды. Сонымен қатар жалақыларын көтеру қажет деді. Осылайша білікті кадрларды сақтап, әрі жемқорлық деңгейін азаятатынына сенімді.
Ерұлан ЖАМАУБАЕВ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:
Мемлекеттік кірістер қызметкерлері жалақы төмендігінен, әлеуметтік қорғансыздық пен жауапкершіліктің жоғары болуынан сыбайлас жемқорлыққа жол береді. Осы себепті, алған білімдері мен дағдыларын жиі қолданатын тәжірибелі жұмысшылар жұмыстан кетуге мәжбүр.
Сонымен қатар шекарадағы өткізу бекеттерін «Электрондық кезек» жүйесін енгізілбекші. Министрдің айтуынша, автомантандыру «Нұр жолы» өткізу пунктінің үлгісі бойынша жүргізілмек. Ал мобильді қосымша арқылы кезекке алдын-ала тапсырыс беруге мүмкіндік туады. Қаржы министрі 9 авто және 1 темір жол өткізу пунктін жаңартуға Қытай банкінен қарыз алынған.
Ғ.Өтемісов