Русский Сайттың толық нұсқасы

Атыраудағы сапасыз үйлердің тұрғындары шу шығарды

  • AstanaTV
  • 10 ақпан 2021
  • 2333

Атырауда «Нұрсая» ықшам ауданы тұрғындары шу шығарды. Олар мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлердің сапасына сын айтты. Айтуларынша коммуналдық мәселе шаршатып жіберген. Ал, құрылыс компаниясы өкілдері болса, тұрғындардың салғырттығынан шаршаған. Тараптарды тындаған өңірдегі әріптесім тақырыпты тарқатады.

Тұрғындардың коммуналдық қызметтен де, жергілікті шенеуніктен де, тіпті құрылысшылардан да көңілі қалған. Жаңа баспаналары, жылға жетпей сыр беріп, әбден титықтатқан. «Өз үйім» бағдарламасынан несиеге пәтер алған Аңсағаным Құспанова, жайлы өмір сүремін деген арманы сағымға айналғанын айтады. Ай сайынғы 65 мың теңге несиесімен бірге, үйінің кем-кетігін жамап-жасқауға кеткен шығын шаршатты,- дейді.

Аңсағаным ҚҰСПАНОВА, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Екі рет батереядан су кетті. Үйдің бәрі шылқыды. Ламинат көтеріліп кетті. Енді оны жасап беруге құлықсыз болып отыр, мойындарына алмай отыр, «жасамаймыз»,- деп. Сонда мен өзімді шығынға батырып жүремін бе өмір бойы. Мен сонда мына үйдің қызығын көрмеймін бе? +Құр сөз, құр уәде болды жасамайды.


Бұл үйдігелердің дені көпбалалы отбасылар. Оларға «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында, пәтерлер ұзақ мерзімге жалға берілген. Бұқара бірде жарық, бірде жылу өшіп, тағы бірде кәріз жүйесі істен шығатынына наразы. Тіпті кімге шағымданатындарын білмей дал.

Әсел ШӘРІПОВА, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Бізде бір гном тұр екен. Негізі екі гном болу керек. 280 жительге 1 гном бармайды. Сондықтан бізге оны салмаған енді суға кетіп жатыр канализацияның. Ашық жатыр тоқ егер ана жерден бәреу өтетін болса тоқ  тартып кетеді. Таңертең болы әлі жасаған жоқ. жатқанына екінші күн болады бүгін. Мен білмеймін бұларға қандай шара қолданады.


Тұрғындар сондай-ақ желдету жүйесінде де ақау бар дейді. Ал су есептегіш құралдарын жатын және қонақ бөлмелерге орнатып кеткен. Құрылысшылар барлық нәрседен үнемдеп, қалай болса солай салғанын айтқан бұқараға, қала әкімінің орынбасары келіп басу айтты.  

Самат ЕМБЕРГЕНОВ, АТЫРАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бүгінгі күні кепілдемесі бар. Барлық кепілдемелер бойынша құрылыс салған мердігер компанияға тұрғындардың талабын жеткізетін боламыз. Орын алған олқылықтарды қалпына келтіру бойынша.


Бірақ құрылысты салған компания өкілдері, олқылықты реттеуге асығар емес. Олар үйдің жағдайы тұрғындардың баспананы қаншалықты күтіп ұстауына байланысты ,- дейді.

Жайна НҰРҒАЛИЕВА, ЖШС САПА БАҚЫЛАУ ИНЖЕНЕРІ:
 
Біздің екі жыл гарантиямыз бар. Біз ешқайда кетпейміз. Канализация адамның өздерінен болады. Қанша біз келіп жатырмыз. Тазалағанда ішінен шықпайтын зат жоқ. Шарф та шығып жатыр. Кәдімгі ұзын шарф. Еден жуатын сүлгі, одан қалса памперс. Шығып жатыр. Тіпті тұрғындардың өздері куәгер болды.

Көпбалалы отбасылар сапасыз салынған үйді, жалға берген билікке өкпелі. Келісім-шартта «баспана апатты деп танылған жағдайда тұрғындар үш ай ішінде үйді босатуы тиіс» делінген екен. Қоныс тойын тойламай жатып, коммуналдық мәселеге белшесінен батқан жұрт, көп ұзамай бала-шағасымен далада қалудан қауіптенеді.  

Б. Нәдірқызы