Русский Сайттың толық нұсқасы

Мектептерде мемлекеттік тілді оқыту деңгейі төмен - Н.Дементьева

  • AstanaTV
  • 10 ақпан 2021
  • 2218

Мектептерде мемлекеттік тілді оқыту деңгейі төмен. Оқулықтың сапасы да сын көтермейді. Бүгін Мәжілісте депутат Наталья Дементьева, Білім және ғылым министрлігіне депутаттық сауал жолдады. Оның пікірінше, қазақ тіліне қатысты қанша шара өткізілсе де, тілдің ахуалы көңіл көншітпейді. Балаларға арналған оқу құралдарындағы жаттығулардың да тым күрделі екенін айтты. Осылайша, министрлікке шүйліккен Ассамблеядан сайланған депутаттар өз ұсыныстарын жолдады. Олардың пайымынша, мектепте ауызша орындалатын тапсырмаларды арттыру қажет.

Наталья ДЕМЕНТЬЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:


Түптің түбінде қазақ тілінің қазақстандықтардың ортақ тіліне, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын уақыты келеді. Қазірше оны қолдан жылдамдатудың, осы мәселені оңайлатудың қажеті жоқ. Бірақ сол мақсатқа бастайтын қадамдарды осы бастан қолға алу қажет.


Ғ. Өтемісов