Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте өткен жылы кәмелет жасына толмаған жеті қыздың ары, сотта қаралған

  • AstanaTV
  • 11 ақпан 2021
  • 3622

Шымкентте былтыр кәмелет жасына толмаған жеті қыздың тағдыры, сотта қаралған. Бәрі ойнақтап жүріп, от басқандар. Оның екеуі мектеп оқушысы екен. Бұл туралы бүгін кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы айтты. Өткен жылды қорытындылаған Дәурен Сайханов, 16 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскен 30 жастағы азаматты 2,5 жылға бас бостандығынан айырғанын мысал қылды. Сот өрімдей қызды құрығына түсіретіндер олардың аңғалдығын пайдаланады деді.

Дәурен САЙХАНОВ, ШЫМКЕНТ қ. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қызды 30 жастағы ер азамат болып қыз 15 жасар  баланы былай айтқанда алдап сулап осыған алып келеді, түсініп отырсыз ба? Қызды күшпен алмайды. Алдап алып келеді да сол нәрсеге, махаббат құрып, подаркаларын беріп, нетіп..сондай-сондай әркеттер болды ғой былай айтқанда..соған баға бердік.

Жеті қыздың екеуі жүкті болып қалған. Оның бірі өз сүйіктісімен сот процесі барысында отбасын құрып үлгеріпті. 19 жастағы жігітке судья шартты жаза тағайындалғанын жеткізді. Сот төрағасы барлық жағдайда өкінішке орай қыздардың ата-аналары болған жағдайдан бейхабар болып жататын айтып отыр.

Дәурен САЙХАНОВ, ШЫМКЕНТ қ. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл мәселе өте былай айтқанда үлкен мәселе. Мынау істерді қарап отырмыз ғой, көбінесе қыздар аналарына жақын болмайды ау деп жатырмын. Аналары сырласпайды. Алданып қалма, былай істе деген нәрсе..осыны ата-аналардың жұмысы былай айтқанда негізі отбасының. Мектепті бөлек алайық, мектеп  өз жұмысын атқарып жатыр.


А. Төребекқызы