Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақ әдебиетінің шешілмеген мәселесі шаш етектен - Жазушылар

  • AstanaTV
  • 11 ақпан 2021
  • 1891

Қазақ әдебиетінің шешілмей жатқан түйіні көп. Әсіресе, балалар әдебиеті қалыс қалып барады. Жазушылардан бастап, қоғам қайраткерлері мен қарапайым оқырманға дейін осындай пікірде. Ал, қаламгерлер халық арасында ұлттық мұраға деген насихат бәсең дегенді айтады. Тіпті, жарнама жеткіліксіздігін де сөз ететіндер бар. Қайтсек әдебиетіміз көркейеді? Зейінді ұрпақ қалыптастыру үшін не істемек керек? Жастар неліктен шетелдің кітабына құмар? Тақырыпты әріптесім зерттеп көрді.

Балалар әдебиеті десек, Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожасы», Сапарғали Бегалиннің «Мергені» еске түседі. Бұл туындылар талай ұрпақты тәрбиеледі. Алайда уақыт өте келе балалар шығармаларының қатары сирегені анық. Тек ол емес, жастар шетелдік кітаптарды оқып, ұлттық өнімге қызықпайтынды шығарды,-дейді кейбір зиялылар. Олар қоғам қасіретіне айналған түйіткілге тек жазушылар ғана емес, күллі оқырман кінәлі дегенді айтады. Себебі, кітап көп, тек халыққа жетпей қалып жататынын алға тартады.

Ұлықбек ЕСДӘУЛЕТ, ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:


«Менің атым Қожаны» экраннан көріп, сондай кітап бар екенін біліп оқығандар қаншама. Сондықтан,Қазақ классикасын экрандастыру мәселесін де қолға алуымыз қажет.

Жастардың да бұл пікірге айтар уәжі бар. Мәселен, Ақтаулық студент Бибігүл Нұрова шетел классиктерінің шығармалары қабылдауға жеңіл,-дейді. Әрі, жастар арасында өзге елдің шығармалары кеңінен насихатталып кетті деп отыр. Тек ол емес, мемлекеттік тілді толық меңгермеген қаракөздерімізде мәселеге арқау екенін алға тартты.

Бибігүл НҰРОВА, СТУДЕНТ:

Неге қазір көп адамдар оқымайды? Себебі, қазір Әбіш Кекілбаев, Мұхтар Әуезов сында жазушылардың шығармалары қазақ тілін толыққанды білмейтін азаматтар үшін ауыр. Осы себептен оқымайтындар да бар.

Мектеп мұғалімдерінің пайымы да осыған саяды. Педагогтардың айтуынша, балаларға арналған шығармалар ұғымға ауыр. Тіпті бала тұрмақ, ата-ана мен ұстаздың өзі түсінбейтін мәтіндер бағдарламаға енгізілген деп отыр.

Аруна СЕГІЗБАЕВА, ПЕДАГОГ:

Мектеп жасындағы балалар документальный шығармалардан қарағанда, оқуға жеңіл, қарапайым жазылған туындыларды оқуға құмар.


Иә, мәселенің шаш етектен екені айтпаса да белгілі. Енді оны қалай шешпек керек? Жазушы-драматург Баянғали Әлімжанов балаларға арналған арнайы тақырыптық анталогия құру қажеттігін айтты. Сондай-ақ елдің түкпір-түкіпірінде жасөспірімдер журналдарын ашып, кітапхана санын көбейту қажет деп отыр.

Баянғали ӘЛІМЖАНОВ, ЖАЗУШЫ-ДРАМАТУРГ:

Балаларды көркем әдебиетпен тәрбиелеуге үлкен мән беру керек. Қазір тест деген бәлемен өмір сүріп жатыр. Ойлау жүйесі уланды олардың. Осы себептен оларды ойнап жүріп ойлауға үйтеруіміз қажет.

Ал жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет классикалық шығармаларды комикстандыруды жетілдіру керектігіне тоқталды. Бұдан бөлек оқырмандар арасында түрлі конкурстар ұйымдастыру идеясын ұсынды. Не десек те, рухани құндылықты арттыруға арналған бағдарламалар жоқ емес. Тек ұтымдысын жандандырып, керексізінен айрылсақ ғана, нәтижеге жетеріміз сөзсіз.  

Ғ. Өтемісов