Елордалық полицейлер Алматы облысының тұрғынана тиесілі көліктің сыңарын тапқан. Ведомстваның мәліметінше, қазір VIN-кодтары бірдей екі автомобилді анықтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Айтып өтейік, елде соңғы кездері көлікке байланысты заң бұзушылықтар жиі анықталатын көрінеді. Оның себебін әріптесім Бекболат Сатуов іздеп көрді.
Елордада табылған Ауди А6 маркалы автокөліктің сыңары бойынша іс, әлі де тергеп-тексерілуде. Қазір көлікке сот-трасологиялық сараптама тағайындаған. Нәтиже әзір белгісіз. Айтып өтейік құзырлы орган алаяқтықтың бұл түрі заңмен қудаланатынын ескертеді.
Данияр ОРАЛ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
386 бап деп айтып отырғанымыз, яғни көліктің сәйкестендіру нөмерін өзгерту, қолдан жасау, бұл қылмысқа екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған немесе 2000 айлық көрсеткішке дейін айыппұл салынады.
Мамандар көліктің VIN-кодтары бойынша қылмыстық істердің артуын елдегі көлік бағасының қымбаттауымен байланыстырады. Мәселен әлемдік дағдарысқа қарамай бүгінде темір тұлпарлардың құны шарықтап тұр. Оны кім немесе не себепті көтеріп жатқанын ешкім дөп басып айта алмайды. Бірі доллар бағамдарына байланысты десе, енді бірі ішкі нарықтың төмендігінен дейді
Бауыржан ИСКАКОВ, ЭКОНОМИСТ:
Осы көліктерді шығаруға кететін жалпы осы көліктік шикі заттардың қосалқы құралдарының бағасы қымбаттауы, жалпы металдың қымбаттауы әлемдік нарықтағы металдың қымбаттауының өзінде көліктің бағасының орташа есеппен өзіндік құнынан қымбаттауына әкеліп жатады.
Әйтседе, темір тұлпар құны артты деп заңды белден басуға болмайды. Сондықтан да құзырлы орган қызметкерлері тұрғындарды мұндай айлакерліктен аулақ болуға шақырады.
Бекболат САТУОВ, ТІЛШІ:
Нұр-сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше көліктердің VIN-кодтары бойынша алаяқтық деректер соңғы кездері жиілеген. Мәселен былтырдың өзінде аталмыш заң бұзушылық бойынша 5 дерек тіркелген.
Б. Сатуов