Русский Сайттың толық нұсқасы

Элеватор жұмысшысы қамбада қайтыс болды

  • AstanaTV
  • 12 ақпан 2021
  • 2311

Солтүстік Қазақстан облысындағы элеваторда қайғылы оқиға тіркелді. Жұмысшы қамбадағы бидайға батып, бақилық болды. Оқыс жағдай Ғабит Мүсірепов ауданының орталығы Новоишим ауылында болған. Бір топ жұмысшы астық сақтайтын қойманы жоспарлы түрде тазалауды қолға алған. 140 тонна бидайы бар қамбаның ортасына құлап, батып кеткен. Кәсіпорын өкілдері дереу полицейлерді шақыртыпты. Бірақ жұмысшыны бірден құтқару мүмкін болмағанын айтады. Тәртіп сақшылары марқұмның денесін 6 сағаттан кейін тапқан.  Қазір құзырлы органдар іс қозғап, тергеу амалдарын бастап кетті.

Марат ӘЛЖАНОВ, СҚО ПД Ғ.МҮСІРЕПОВ АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Оның денесі шамамен сағат 23.00де сыртқа шығарылды. Силостың ішінде үстіне бидай түскен, содан қазып тауып алдық. Оқиға орнын жедел тергеу тобы қарап, куәгерлерден жауап алды. Өндірісте қаза болу фактісі бойынша Қылмыстық Кодекстің 156 бабы үшінші бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.


А. Құрманкин