Русский Сайттың толық нұсқасы

«Astana Motors» Алматы қаласындағы коммерциялық техника зауытын кеңейтуге 4,13 млрд. теңге инвестиция салды

  • AstanaTV
  • 12 ақпан 2021
  • 1797

Орта көлемді зат тасымалдауға арналған жүк көліктерін, енді «Astana Motors» компаниясы өзі құрастыратын болды. Мәселен су жаңа Hyundai Mighty моделі Алматыдағы зауытта жиналады. Оның құрылысы «Hyundai Trans Auto» кәсіпорнының базасында, басталып кеткен. Сондай-ақ цехта жүк көліктерін боя мүмкіндігі қарастырылған. Жалпы «Astana Motors» осындай жаңашылдықтарға 4 млрд. теңгеден астам қаражат инветициялады. Толығырақ, келесі бейнематериалда.

Ашылғанына 10 жыл толған Алматыдағы «Hyundai Trans Auto» зауытында коммуналдық кәсіпорындар мен жеке ұйымдарға арналған автокөліктер құрастырылады. Мәселен қоқыс тасуға арналған көліктерден бастап, өрт сөндіру машиналарына дейін. Сондай-ақ қоғамға қажетті жолаушылар автобусы және реанимобильдер де бар. Ал жақында орта көлемді зат тасымалдауға арналған Hyundai Mighty көлігі құрастырылмақ.

Әділбек ГАЕВ, «HYUNDAI COM TRANS KAZAKHSTAN» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ТЕХНИКА ДИСТРИБУЦИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:


Жүк тасуға арналған автокөліктердің жаңа моделдері құрастырылады. Мәселен 3,5 тоннаға дейін ЕХ6, жүк көтергіштігі 4,5 тонна болатын ЕХ8, сондай-ақ ЕХ9 шығарылады. Ол 6 тоннаға дейін көтере алады. Өндірістік аумақ шамамен 14 мың шаршы метрді құрайды.

Жалпы «Astana Motors» коммерциялық техника зауытын кеңейтуге төрт миллиард теңгеден астам қаражатты инвестициялады. Цехта автокөліктерді құрастыру ғана емес, бояу да көзделген. Жүк көліктері экологиялық стандарттарға сәйкес жасалмақ. Қауіпсіздік, эргономика және жайлылығымен ерекшеленеді, - дейді өндірушілер.

Нағиман ЕСҚАРА, ЗАУЫТ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 
Бізде негізі шетелден машинокомплект дейміз ғой, солар келетін, біз оларды жинаймыз. Қазіргі осы зауыт салынғаннан кейін құрастырамыз, дәнекерлеу және бояу, барлығын өзіміз істейміз. Металл болып келеді, біз реттеп, бояймыз. С нуля дейді ғой, соны біздің завод шығарады.

Зауыт құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Ол отандық автоөнеркәсіптің дамуына үлес қосады деп күтіледі. «Astana Motors» басшылығы кадр резервін ұлғайтуды да көздеп отыр. Яғни қызметкерлер саны артпақ.

Әділбек ГАЕВ, «HYUNDAI COM TRANS KAZAKHSTAN» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ТЕХНИКА ДИСТРИБУЦИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:


Орта көлемді зат тасымалдауға арналған жүк көліктерін құрастыруға арналған зауыт құрылысы аяқталғаннан кейін 350-дей адам жұмысқа тартылады.

«Hyundai Trans Auto» зауытында жаңа Golden Dragon автобустары да құрастырылады. Жоспар бойынша олар 2021 жылдың соңына дейін қолданысқа берілуі тиіс.  Сондай-ақ автомобильдерді ТМД елдеріне экспорттау да жоспарда бар.

Ә. Өмірзақ