Русский Сайттың толық нұсқасы

Тобыл өңірінде бір жарым айда 21 көлік ұрланған

  • AstanaTV
  • 15 ақпан 2021
  • 1923

Тобыл өңірінде автокөлік ұрлығы тиылмай тұр. Аймақ полицейлері екі күн бұрын көлік айдап әкеткен күдіктіні ұстады. Мас күйінде темір тұлпар тізгіндеген жігіт қамауға алынды. Бірақ оны ұстау жол сақшыларына оңай болған жоқ.

Қуғын операциясы ақпанның 13 күні болған. Полицейлер автокөлік соңында бір сағат бойы жүрген. Қаладан қашқан күдікті Майкөл ауылының маңында құрықталды. Із жасырмақ болған ұрлықшы 22 жастағы Қостанай ауданының тұрғыны болып шықты. Оның ішімдік ішкені де анықталыпты.

Кенже ҚОНЫСБАЙ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ:


Қазіргі таңда көлік ұрлаған күдіктіге қатысты ҚР ҚК 200-бабы бойныша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жыл басынан бері, яғни бір жарым айда Қостанай облысында 21 көлік ұлрланған. Оның он бесі табылып, иесіне қайтарылды. Қалған алтауы әлі іздестіріліп жатыр. Өткен жылы өңірде ұрланған 38 көліктің біреуі ғана табылмады,-дейді полицейлер.

З. Санай