Бүгін қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы, 70 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Көрермен жүрегін ұлттық құндылықтарды дәріптейтін бағдарламаларымен жаулаған журналист, 45 жыл талмай еңбек еткен. Оның "Бай, қуатты болайық" қанатты сөзі, ел арасында кең тарап, әр қазақтың жадында қалды. Ауыр қазаға елдің Тұңғыш Презизенті Нұрсұлтан Назарбаев, көңіл айту жеделхатын жолдады. Жеделхатта : «Шебер жүргізуші, сұңғыла сұхбатшы ретінде, эфирдегі ерекше бейнесімен, өзіндік болмыс-бітімімен - қалың көрерменді ұйыта білген талантты да, танымал тұлға, тәуелсіз еліміздің тележурналистикасын дамытуға зор үлес қосты. Көпшіліктің көзайымына айналып, ықыласына бөленген абзал азаматтың - ғибратты ғұмыры мен жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталады деп сенемін», - делінген. "Астана телеарнасы" да, белгілі журналисттің қайғы жамылған қалың көрерменіне, отбасына, жақындарына көңіл айтады.