Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақ медициналық университеті жабылса 600 оқытушы жұмыссыз қалады

  • AstanaTV
  • 17 ақпан 2021
  • 3195

Алматыдағы Қазақ медициналық университеті жабылса, 600-ге жуық адам жұмыссыз қалады. Бүгін жоғарғы оқу орнының оқытушылары шу шығарды. Олар Білім және ғылым министрлігінің «оқу орнын лицензиядан айыру» туралы шешімімен түбегейлі келіспейді. Өйткені білі ордасы ғылыми оқытушылық құраммен де, техникалық базамен де қамтылған деп отыр.  

Қазақ медициналық медицина университеті 1963 жылы құрылған. Содан бері жоғары білікті мамандарды даярлап келеді. Бүгінгі күні оқу орнында 3 мыңнан астам студент тәлім алуда.

Марат РАХМАНОВ, ҚАЗАҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ УНИВЕРСТИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ:
 
Лицензиясын алып жатқан ол өте дұрыс емес, қателік. Неге десеңіздер 60 жыл тарихы бар осы универститет институт болған. Бүгінгі күнде универститет. Тарихы үлкен. Бүгінгі күнде 3 жарым мың бала оқиды. Жалпы біз 500 адам 577 енді шынын айту керек бәрі жұмыссыз қалам деп отыр.


Оқутушылар да министрліктің шешімін түсіне алар емес. Өйткені, университет техникалық базамен қамтылған, білім ордасында ешқандай заңбұзушылық болған емес деп отыр.

Раушан БЕРДАЛИНА, ҚАЗАҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ УНИВЕРСТИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ:

Талабымыз қазіргі таңда обращение к Президенту Республики Казахстан. Өйткені МОН-нан бізде күмән қалып тұр. Олардың істеп жатқан ісіне. Тәуелсіз экспертиза университетке өткізсінші. Біздің мамандар осында істеп жатқан шынымен дәрежесі жете ма.

Медициналық университеттің студенттерінен де маза қашқан. Олар оқу ордасында ең үздік мамандар білім береді дейді.

Назым ҚҰЛНАЗАРОВА, ҚАЗАҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ УНИВЕРСТИТЕТІНІҢ 7-ШІ КУРС СТУДЕНТІ:

Біздің сонша жыл ақылы бөлімде оқығанымыз зая кетейін деп тұр. Сол себепті бұл университеттің қазіргі кезде біз жабылғанын қаламаймыз. Университет бұрыннан бері дәрігерлердің біліктілігін көтерумен ерекшеленеді. Және де профессорлық құрам өте жақсы дайындалған. Білімі өте мықты.

Айта кетейік, күні кеше Білім және Ғылым  Министрілігі аталған мекемені лизенциясынан айыру туралы шешім шығарған еді. Олар оқу орнының жұмысын тексеріп, оқытушылар санының жетіспейтінін желеу еткен.

Гүлзәт КӨБЕНОВА, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

 
Соттың қаулысына сәйкес Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетіне айыппұл салынып, бас лицензиядан айыру туралы шешім шығарылды. Дегенмен ондағы студенттердің гранттары сақталады және олар басқа жоғары оқу орындарына ауыстырылады. Ондағы оқытушыларды жұмысқа орналастыру мәселесі жеке қарастырылып жатыр.

Бас лицензиядан айыру туралы сот шешімі 10 жұмыс күнінен кейін заңды күшіне енеді. Осыдан кейін жоғары оқу орны білім беру қызметін тоқтатуға міндетті. Дегенмен университет қабырғасындағылар қабылданған қаулымен келіспейді.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Білім мекемесінде бас-аяғы 1000-ға тарта адам жұмыс жасайды. Олардың 600-ге жуығы жоғары білікті оқытушы. Далада қалудан қауіптенген професорлар, енді қол жинап,  Президентке хат жазбақшы.


Ә. Лесбек